Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда. Жоқ! Өлмеймін! Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда! Қадыр Мырза Әли

Ереже



Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен  Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ұйымдастырып отырған  ақын, «Мемлекеттік» және «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлидің  шығармашылығын насихаттауға арналған  «Қадыр оқулары» байқауының
Е Р Е Ж Е С І

 Байқаудың мақсаты:
      Ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын мәнерлеп  оқу арқылы жастарды өз Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу, облысымыздағы бойына ақындықтың киелі өнері дамыған өнерлі жастарға қолдау көрсету;

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
· Байқауда мәнерлеп оқуға таңдап алынған өлеңнің тақырыбы, қатысушылардың дауыс ырғағы, мәнерлеп оқу шеберлігі сарапқа салынады;
·    Байқауға қатысушы  мәнерлеп оқуға ұсынылған өлеңдерді түгелдей жатқа білуі шарт;
·  Қадыр Мырза Әлидің ақындық ұлағатының әсерінен туындаған (отан сүйгіштік, имандылық, инабаттылық, адамгершілік және балаларға арналған) қатысушылардың өз туындылары бойынша жаңа өлеңдері  қабылданады;
·         Қазылар алқасы  іріктеп алған өлеңдер ғана  байқауға жолдама алады;
·   Байқауға қатысушылар ақын өлеңдері, шығармашылығы  жайлы көңілде жүрген толғаныстарын, көңілге түйген ойларын  білдіріп, «Жүректе жарқын бейнеңіз» тақырыбында , 1-1,5 беттік баспа парағы көлемінде эссе жазады;
·     Байқауға қатысушы үміткерлердің жас мөлшері 17-35 жас аралығында болуы   керек;
·        Бұрын баспасөз бетінде жарық көрген өлеңдер қабылданбайды;
Байқау кезеңдері:
Байқау екі кезеңнен тұрады.
І.Іріктеу кезеңі
ІІ. Қортынды кезең.
Байқауға жолданатын жұмыстарға қойылатын талаптар:
·        Байқауға 1-2  өлең  мен эссе жолданады.
·        Компьютерде терілген әр өлең мен эссе  3 данадан кем болмау керек.
·        Жабық конвертте байқауға қатысушының өзі туралы мәліметтері (аты-жөні, мекен–жайы, жасы, білімі, оқитын оқу орны, телефон нөмері т.б.) мен өлеңдерінің, эссенің  мәтіндері жіберілуі керек.
·        Байқауда мәнерлеп оқуға ұсынылатын ақын өлеңдерінің тізімі  осы Ережемен бірге ұсынылады.


Байқаудың  жүргізілу тәртібі:
·        Байқауға қатысушы мәнерлеп оқуға ұсынылған тізімнен 1 өлеңді конверт суыру арқылы таңдап алып, жатқа оқиды;
·        Іріктеуден өткен өлеңдердің авторлары өз өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды;
·        Қатысушылар өз қаламдарынан туындаған эсселерін мәнерлеп оқып береді.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Байқау:
«Мені оқитын, мені ұғатын халық бар» номинациясы (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу),
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы (өз өлеңдерін  мәнерлеп оқу)
       «Жүректе жарқын бейнеңіз....» номинациясы (ақын туралы жазылған эссе оқу) бойынша қортындыланады.
        Байқау нәтижесі бойынша аталған үш номинация бойынша өзге қатысушылардан озық шыққан жеңімпазға 1 бас жүлде, әр номинация бойынша  ерекше көзге түскен қатысушыларға 1,2,3, орындар және ынталандыру сыйлықтары беріледі.
  Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын мына мекен-жайға жіберулері сұралады:
Орал  қаласы, Карев көшесі, 47 үй, 3 қабат,
Кітапхана  ісін дамыту бөліміне жолдаулары сұралады.
Анықтама телефоны: 50-75-49

Ұйымдастыру бөлімі.

 


Комментариев нет:

Отправить комментарий